Жемейтін жердің астында

745ceu-960

Жұма күні. Сағат 17.00 мен 18.00 арасы. Кітапханадан шығып үйге қарай бет алдым. Такси ұстамақшы болып едім, ешбірінің әкетер түрі жоқ. Сірә, кешкі кептеліс басталып қалған болар деп ойладым. Әйтеуір бір Мицубиши мені межелі жеріме дейін жеткізіп салатын болып келісті.

Сома да аз емес, 500 теңге. Көлікке міне салып көзге түскен 5 ерекше белгі: көліктің алдыңғы әйнегіндегі жарық, спидометрдің алдындағы ақ мата немесе орамал, аллергияға қарсы дәрі, көлікте ілініп тұрған сия түске боялған асық және музыка ойнатқышының орнында емес салбырап тұруы.

Әрине кірген бойда бірден алға қарайтындықтан әңгіме әйнектің жарығы болды. Айтуынша, бұл жарық трассада болған яғни Құлжа күре жолында. Бастапқыда кішкентай ғана болатын, алайда уақыт өте келе суықтың әсерінен жарықшақ сызатқа айналған.

Қалай орын алды деген сұрағыма таксисттің берген жауабы, Құлжа трассасымен кетіп бара жатқанмын, жер гололед, ол жетпегендей пробка жанымнан жолдың жиегімен бір қара джип өте шықты, пробкада тұруға сабыры жетпедіме кім білсін.

Сол кезде әлгі қара джиптан шамасы тойота болуы керек ұшқан бір тас келіп менің лобовойыма келіп тимесі барма.

-Сонда кептеліс неден болып тұр екен, жолда апат орын алғанба?

-Жоға олай емес қой трасса тар, былай қарай бір полоса да, обратно бір полоса. Әрине тығырыққа тірелесің сосын. Алматының маңайында Бішкекский трассада ғана болмаса қалғандарының барлығы бір жолақтан ғой.

Негізі бізде жолдар нашар, ақша бөлінеді, алайда жемейтін жердің астында деген жеп қояды ғой дөкейлер. Иә, деп менде қоштап қойдым. Ол жетпегендей халық та сабырсыз, ақылды бір жағынан. Ей мынау тым құрығанда қырғыздар құрлы жоқпыз ғой.

Егер біздің орнымызда олар болғанда әлдеқашан билікті отставкаға жіберер еді ғой, өлтіретінін өлтіріп, қудалайтынын қудалап. Интернеттен жаңалықтарды көп оқисыз-ау деймін дедім мен іліп әкетіп Асхат ағайдың тапсырмасының бірі болғандықтан.

Жоқ интернетке мүлдем кірмеймін деп жауап берді. Қазір интернетте бәрі бар, индрайвер атты бағдарламамен таксист болып тіркеліп, ақша тапсаңыз болады ғой дедім. «Оған басым жете бермейді» болды берген жауабы.

Музыка ойнатқышы жайлы сұрамақшы едім, оған мен айтқан жерге келіп қалдық.

Пікір қалдыру